Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты «Жыржыс қажы» мешітінде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Игі істі ауданның бас имамы Рүстем Мұратұлы ұйымдастырып, мешіт жамағаты мен ерікті жандар белсене атсалысты.
Сенбілік барысында мешіт ауласы тазаланып, жасыл желектерге күтім жасалды. Бұл бастама – мешіттің көркіне ғана емес, жамағаттың бірлігі мен жауапкершілік рухына да үлес қосатын сауапты амал саналады.
Осындай істер арқылы имандылық пен тазалық қатар дәріптеліп, мешіт айналасы көркейе түсті. Аудан имамы Рүстем Мұратұлы барлық қатысушыларға алғыс айтып, сауапты іске үлес қосқан жамағатқа Алла Тағаладан мол сауап тіледі.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі