Center Image
IHSAN.KZ
Қарқаралыда мешіт аумағында сенбілік өтті
Қарқаралыда мешіт аумағында сенбілік өтті

Қарқаралы қалалық «Мәди Бәпиұлы» мешітінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалыққа мән беруді көздеген бұл игі іс мешіт ұстаздарының бастамасымен жүзеге асты.

Іс-шараға жазғы сауат ашу курсының шәкірттері белсене атсалысып, мешіттің ішкі аумағы мен сыртқы аулаларын тазартуға үлес қосты.

Аталған сенбілік шәкірттерге ұқыптылық пен тәртіптің маңызын ұғындырып, тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде өтті. Ұстаздар тазалықтың діндегі орнына тоқталып, «Тазалық – иманның жартысы» екендігін жамағатқа еске салды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz