Center Image
IHSAN.KZ
«Әлихан Бөкейхан» мешітінің шәкірттері садақ атуды үйренді
«Әлихан Бөкейхан» мешітінің шәкірттері садақ атуды үйренді

Теміртау қалалық орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің жазғы сауат ашу курсына қатысушы шәкірттер садақ ату өнерінен арнайы дәріс алды. Игі іс-шара Теміртау қаласының имамы Ақниет Салімбайұлының бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балаларға садақ ату құралдарын дұрыс қолдану, нысана көздеу және қауіпсіздік ережелері үйретілді. Ұмыт бола бастаған ұлттық өнерге қызығушылық танытқан шәкірттер үлкен әсермен тарасты.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz