Бұқар жырау ауданына қарасты Қарақұдық ауылдық мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Уақыт өте келе тозығы жеткен мешіт ғимаратын қалпына келтіру мақсатындағы бұл игі бастама ауыл имамы мен жергілікті жамағаттың белсенді атсалысуымен жүзеге асып жатыр.
Қазіргі таңда мешіттің ішкі қабырғаларын әктеу және әрлеу жұмыстары қолға алынған. Жөндеу жұмыстарына демеушілік көрсеткен азаматтар мен ұйытқы болған мешіт ұжымына ауыл тұрғындары шынайы алғыстарын білдірді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі