Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің шатырына күрделі жөндеу жұмыстары басталып, қарқынды түрде жүргізілу үстінде. Бұған дейін жауын-шашынды күндері шатырдан су өтіп, жамағатқа қолайсыздық тудырып келген болатын.
Жөндеу жұмыстары мешіттің бас имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен және жергілікті жамағаттың қолдауымен жүзеге асып жатыр. Имамның ұйымдастырушылық қабілеті мен жамағаттың ауызбіршілігінің арқасында бүгінде мешіт шатыры толық жаңартылып, ғимараттың қауіпсіздігі мен жайлылығы арта түсті.
Бұл — жамағаттың мешітке деген жанашырлығы мен ортақ құндылықтарға деген жауапкершілігінің айқын көрінісі. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң, мешітке келушілер бұрынғыдан да қолайлы әрі жайлы ортада құлшылық ете алады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі