ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің ұйымдастыруымен аймақ жамағаты «Darhan Dala» отандық туризмді дамыту жобасы аясында Жидебай батырдың кесенесіне зиярат жасады.
Аталған іс-шараға аудан жамағатын имам Берік Алпысбайұлы бастап барды.
Бұл жобаның басты мақсаты – тарихи тұлғаларды тану, ел қорғаған ерлердің өнегелі өмірін насихаттау және халқымыздың діни-рухани мұрасын жаңғырту.
Зиярат барысында Жидебай батыр рухына Құран аяттары бағышталып, дұға оқылды. Одан кейін батырдың өмір жолы, елге сіңірген еңбегі мен қайраткерлік қыры туралы мазмұнды түсіндірме беріліп, тағылымды насихат айтылды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі