Қарағанды облысы, Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай тағылымды насихат айтылды.
Іс-шара барысында мешіт жастарына арналып рухани тәрбиеге негізделген уағыз жүргізіліп, Абай мұрасының діни-адамгершілік құндылығы кеңінен түсіндірілді.
Мешіт имамы Берік Алпысбайұлы ақынның имандылық, білім, тәрбие, адамгершілік тақырыптарындағы терең ойларына тоқталып, жамағатқа Абайдың өнегелі өмірі мен өшпес мұрасын үлгі етті. Сонымен қатар жастарға ақын шығармаларындағы діни-тәрбиелік астар жан-жақты талданып жеткізілді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі