Center Image
IHSAN.KZ
«Аль-Ғаффар» мешітінде азамат мұсылман дінін қабылдады
«Аль-Ғаффар» мешітінде азамат мұсылман дінін қабылдады

Қарағанды қаласындағы «Аль-Ғаффар» мешітінде сәрсенбінің берекелі күні жүрек толқытқан қуанышты сәт орын алды. Имам бір азаматқа кәлима-и шаһадат айтқызып, Ислам дінін қабылдауына себепкер болды.

Мұсылмандықты жаңа қабылдаған бауырымызға имам Ислам дінінің негіздері жайлы мағлұмат беріп, маңызды діни ілімдерден мысалдар келтірді. Бұл – жеке бір адамның ғана емес, барша мұсылман қауымының ортақ қуанышы.

Кездесу барысында Құран Кәрім, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннеті және мұсылманның күнделікті өмірдегі жауапкершілігі туралы тағылымды әңгімелер айтылды. Имам бұл бауырымызға тура жолдан таймауға, діни білімін жетілдіріп, бес уақыт намазын тұрақты орындауға кеңес берді.

Мешіт қабырғасында туындаған бұл игі оқиға — Ислам дінінің мейірім мен хақ жолға бастайтын ұлы жол екенін тағы бір мәрте айғақтады. Мұндай сәттер жүрекке үміт ұялатып, имандылыққа деген сүйіспеншілікті арттыра түседі.

Алла Тағала бұл мұсылман бауырымыздың жүрегіне иман нұрын орнықтырып, екі дүниенің де бақытына жеткізсін!

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz