Ақтоғай ауданына қарасты Қуаныш ауылдық мешітінің имамы Бауыржан Сейдуәлиұлы Омарбеков «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шара «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ұйымдастырылды.
Кездесуге ауылдағы түрлі сала мамандары қатысып, кәсіптің қадірі және оның діндегі орны туралы уағыз-насихат айтылды. Имам Бауыржан Сейдуәлиұлы исламдағы еңбекке деген құрмет, дәстүрлі қоғамда кәсіп иелеріне көрсетілетін сыйластық жайында кеңінен тоқталды.
Жиын барысында қатысушылар дін мен дәстүр сабақтастығы, адал еңбектің берекесі мен мұсылман болмысына сай еңбек ету жайында пікір алмасты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі