Center Image
IHSAN.KZ
Ақтоғай ауданының имамы ауылдық мешіттің жөндеу жұмыстарымен танысты
Ақтоғай ауданының имамы ауылдық мешіттің жөндеу жұмыстарымен танысты

Ақтоғай ауданының имамы Қапас Еркін Әуелбекұлы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Сартерек ауылдық мешітіне арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, басқару бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Сапар барысында аудан имамы ауыл мешітінің жай-күйімен танысып, жергілікті жамағатпен жүздесіп, аймақтағы діни ахуал мен тыныс-тіршілік туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар мешіттің жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударып, құрылыс барысы бойынша ұсыныстарын білдірді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz