Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Топар кентінің емханасында жергілікті тұрғындарға екпенің шариғаттағы орны мен оның қоғамдық маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Игі іс-шараға аймақтық «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мұрсали Қаленұлы арнайы шақырылып, екпе мәселесіне қатысты ислам дінінің ұстанымдарын жан-жақты түсіндірді.
Имам өз сөзінде адамның денсаулығы – аманат екенін, аурудың алдын алудың шариғатта қолдау табатынын атап өтіп, сенімді медициналық дерекке сүйенген екпенің адам өмірін сақтаудағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінен мысал келтіріп, сақтану – иманның бір көрінісі екенін атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі