Center Image
IHSAN.KZ
«Дін мен дәстүр – ажырамас құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті
«Дін мен дәстүр – ажырамас құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті

Ақтоғай аудандық мешітінің наиб имамы Ерлан Орынбай Ақтоғай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде қызметкерлермен кездесу өткізді. Басқосуда «Дін мен дәстүр – ажырамас құндылықтар» тақырыбы кеңінен қозғалып, жат ағымдардың зияны мен діннің қоғамдағы рөлі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға дәстүрлі исламның құндылықтары, діни сауаттылықтың маңызы және ұлттық салт-сананың дінмен үйлесімі жөнінде жан-жақты мағлұмат берілді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz