Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы қалалық «Мәди Бәпиұлы» мешітінде қыз балаларға арналған Құран дәрістері тұрақты түрде жалғасып келеді.
Дәрісті мешіт ұстазы Рахымбаева Әйгерім ұйымдастырып, жүргізеді.
Дәрістер барысында шәкірттер Құран оқуды және тәджуид ережелерін меңгеріп, сүрелер мен аяттардың мағынасын түсіне бастады. Сондай-ақ имандылық, әдеп, отбасы құндылықтары жөнінде насихаттар айтылып, қыз балалардың рухани дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі