Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылдық мешітінің имамы Бахтияр Есімбеков Өспен ауылдық әкімдігінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, жат ағымның алдын алу тақырыбында түсіндіру және насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында имам діни алауыздық тудыратын теріс ағымдардың қоғамға, отбасына және ұлттық бірлікке тигізер зияны туралы айтып, одан сақтану жолдарын баяндады. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанатын дәстүрлі Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенімінің тұрақтылықты сақтаудағы рөлі жайында атап өтті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі