Center Image
IHSAN.KZ
«Күмісбек молла» мешітінің асханасында күрделі жөндеу жұмыстары басталды
«Күмісбек молла» мешітінің асханасында күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты, Сәкен Сейфуллин кентінде «Күмісбек молла» мешітінің асханасында күрделі жөндеу шаралары қолға алынды. Құрылыс жұмыстары дін жанашырларының қолдауымен жүргізіліп жатыр.

Мешіт ұжымы бұл игі іске үлес қосқан барша жомарт жандарға шынайы алғыс білдіріп, асхананың жамағатқа қолайлы әрі ыңғайлы болуы үшін жұмыстардың жалғасатынын айтады.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz