Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай рухани насихат айтылды.
Мешіт имамы Ербол Мұқанұлы жамағатқа «Абай мұрасының тәрбиелік мәні» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді. Ол Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінде қамтылған имандылық, еңбекқорлық, адамгершілік және білімге құштарлық секілді құндылықтарға тоқталды.
Имам ойшылдың еңбектерінің бүгінгі күнде де өзектілігін атап өтіп, жамағатты Абай мұрасынан өнеге алуға үндеді.
Іс-шара соңында елдің бірлігі мен амандығы үшін дұға жасалды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі