Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде наиб имам Таңат Тилманов «Жастар және отбасы құндылығы» тақырыбында жамағатқа тағылымды уағыз айтты.
Насихат барысында имам отбасының қоғамдағы негізгі тірек екеніне тоқталып, жастардың тәрбиесі, ата-анаға құрмет көрсету, ер мен әйелдің жауапкершілігі жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ қазіргі замандағы жастардың рухани болмысын қалыптастыруда дін мен дәстүрдің орны ерекше екендігі атап өтілді.
Уағыз соңында наиб имам отбасы институтын берік сақтау – ұлт болашағының кепілі екенін баяндап, жиналғандарды ынтымақ пен бірлікті нығайтуға үндеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі