«Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы жамағаттың діни сауатын арттыру әрі рухани тәрбиесін күшейту мақсатында әр жұма күні ақшам намазынан кейін тұрақты түрде дәрістер өтіп келеді.
Дәрістерде Шейх Әбду әл-Фаттах Әбу Ғудданың «Мин Әдәб әл-Ислам» еңбегі негізінде жүргізіліп жатыр. Қазақша нұсқасы «Ислам әдептерінен үзінділер» деп аталатын бұл еңбек мұсылманның күнделікті өміріне қатысты әдеп, имандылық және көркем мінез мәселелерін қамтиды.
Аталған сабақтар жамағаттың исламдық мәдениет пен әдепке деген түсінігін тереңдетуге, сондай-ақ қоғамда ізгілік пен рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған.