Center Image
IHSAN.KZ
«Бұқар Жырау» мешітінің ұжымы қайырымдылық жәрмеңкеге үлес қосты
«Бұқар Жырау» мешітінің ұжымы қайырымдылық жәрмеңкеге үлес қосты

Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде жұма күні қайырымдылық жәрмеңке өтті. 


Аталмыш іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.


Астана–Қарағанды бағытындағы күре жолдың бойында орналасқан «Бұқар Жырау» мешітінің ауласының кеңдігі мен қолайлы орналасуы жамағаттың намазға келуіне ыңғайлы жағдай жасайды. 


Жиналған жамағат жәрмеңкеге ерекше ықылас танытып, барынша үлес қосты.


Айта кету керек, Қарағанды облысына қарасты барлық қалалық мешіттер қайырымдылық жәрмеңкеге атсалысты.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz