Center Image
IHSAN.KZ
Нұра ауданында «Мектепке жол» акциясы жүзеге асты
Нұра ауданында «Мектепке жол» акциясы жүзеге асты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, білім іздеген жас жеткіншектерге мешіт тарапынан қамқорлық пен қолдау көрсетіліп келеді. Осы ізгі дәстүр Нұра аудандық мешітінде жалғасын тапты.


Игі іс-шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналардың балаларына арналған 30-ға жуық мектеп сөмкесі оқу құрал-жабдықтарымен бірге табыс етілді.


Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясына қолдау білдірген жомарт жандарға алғыс айтты.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz