Қарағанды қаласындағы «Төле би» мешітінде дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында «Үміт» қоғамдық бірлестігінің балаларына қажетті оқу құралдары табысталды.
Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету.
Іс-шара барысында балаларға сөмке, дәптер, қарындаш, күнделік сияқты оқу құралдары үлестірілді.
Алла елшісі (с.ғ.с.) Құран Кәрімде: «Жақсылықта жарысыңдар» (Қалам сүресі, 68) – деп өсиет еткен. Осындай қайырымды істер қоғамдағы бірлік пен берекені арттыра түсетіні анық.
Сонымен қатар мешіт имамы Рашид Жұмағұловты «Үміт» қоғамдық бірлестігінің басшылығы Алғыс хатпен марапаттап, ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі