Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Қарабас кентіндегі мектепте ұстаздарға жат ағымның зияны мен оның алдын алу жолдары түсіндірілді.
Насихатты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев жүргізді.
Ол дәстүрлі ислам құндылықтарының маңыздылығын атап өтіп, теріс пиғылды ағымдардың белгілері және олардың қоғамға тигізетін зардаптары жайлы баяндады.
Сондай-ақ ұстаздарға оқушылар арасында діни сауаттылықты арттырудың маңызы түсіндірілді. Кездесу барысында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.