Ақтоғай аудандық мешітінде бас имам Еркін Әуелбекұлының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Аталған акция аясында аудан бойынша 113 балаға сөмке мен оқу құралдары табысталды.
Мешіт ұжымы демеушілік жасап, шынайы қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдірді.
-
Атап айтқанда, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «Ақ жол» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ермек Төлеуұлы
Әбілдинге, Ақтоғай аудандық прокуратура ұжымына, қолдау білдірген ауыл тұрғындарына.
Алла елшісі (с.ғ.с.): «Кім бір мұсылманға қуаныш сыйласа, Алла оны Қиямет күні қуантады» – деген.
Жақсылыққа себепші болған барша азаматтарға Алла разы болсын!
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі