«Әл Машани» мешітінде шәкірттер дастархан басында бас қосып, берекелі жиын өтті. Басқосудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіне қатысты тағылымды ойлар айту болды.
Жиын барысында қазақтың ұлы ойшылы, ағартушы, ақын Абай Құнанбайұлының «Бала тәрбиесіндегі көзқарасы» тақырыбында насихат жүргізілді. Шәкірттерге Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі тәлім-тәрбиелік ойлары түсіндіріліп, ата-анаға құрмет, білім мен ғылымға ұмтылу, еңбекқорлық пен имандылыққа тәрбиелеу жайлы ғибратты сөздер айтылды.
Бұл тағылымды басқосу ұлы ойшылдың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Іс-шара барысында шәкірттерге ұлттық рух дәріптеліп, Абайдың мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығы жайында ойларын ортаға салды.