Center Image
IHSAN.KZ
«Күмісбек молда» мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті
«Күмісбек молда» мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен республикалық деңгейде жүзеге асып жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Шет ауданына қарасты «Күмісбек молда»  мешітінде де өз жалғасын тапты.

Игі іс-шара аясында он балаға жаңа оқу жылына қажетті сөмке, дәптер, қаламсап және басқа да оқу құрал-жабдықтары табыс етілді. Бұл бастама тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетіп, балалардың мектепке қуанышпен баруына сеп болды.

Мешіт имамы іс-шара барысында:
- Білім – адамды өрге бастайтын қазына. Жаңа оқу жылының табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндеріміздің қуанышы ортақ. Жамағат болып жұмыла қолдау білдіріп, балалардың оқуына жағдай жасау – үлкен сауапты іс, – деп атап өтті.

Қайырымдылық акциясының соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, мешіт жамағатына ризашылықтарын білдірді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz