Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде «Нурул Яқин» кітабы бойынша дәрістер жүргізіліп келеді
«Қазыбек би» мешітінде «Нурул Яқин» кітабы бойынша дәрістер жүргізіліп келеді

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағаттың діни білімін арттыру мақсатында тұрақты дәрістер жүргізіліп жатыр. Сабақтар белгілі ислам ғалымдарының еңбектерінің бірі – «Нурул Яқин» кітабы негізінде өтеді.


Дәрістерді мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы жүргізіп келеді. Онда Ислам тарихы мен ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірбаяны жан-жақты түсіндіріледі. Имам дәріс барысында кітаптың мазмұны жамағаттың діни түсінігін тереңдетіп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен тағылым алуға ықпал ететінін атап өтті.


Дәрістер күн сайын құптан намазының алдында өтеді. Оған қатысушы жамағаттың белсенділігі халықтың діни білімге деген ықыласы мен қызығушылығының жоғары екенін айғақтайды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz