Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешіті мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу құралдарын алып берді
«Төлеутай ата» мешіті мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу құралдарын алып берді

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Раупн Төлеубекұлының бастамасымен Әлихан Бөкейхан ауданындағы №3 мектеп-интернатында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған игі іс-шара өтті.


«Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы Дархан Түменбай оқушылармен кездесіп, оларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алуда табыс тіледі.


Кездесу барысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында шәкірттерге оқу құралдары мен мектеп сөмкелері табысталды.

Балалар мен ұстаздар мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.


Бұл іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың білімге деген құлшынысын арттыруға қолдау көрсету және қамқорлыққа зәру отбасыларға рухани әрі материалдық көмек көрсету болды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz