Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар Жырау мешітінде дәретханаға жаңа крандар орнатылды
Бұқар Жырау мешітінде дәретханаға жаңа крандар орнатылды

Бас имам Орманбет Болатұлының бастамасымен мешіттің дәретхана крандары толықтай жаңартылды. Арнайы Қытайдан бес жылдық кепілдігімен тапсырыс арқылы әкелінген бұл крандар дат баспайтын және қараймайтын төзімді материалдан жасалған.


Ұзақ уақыт қызмет ететін крандардың сапасы өте жоғары болғандықтан, бағасы да қымбатқа түсті. Сонымен қатар дәретханаға қол кептіретін құрылғы орнатылды.


Жаңа жабдықтарды алуға жәрдемдескен азаматтардың кәсібіне береке бергей. Жамағатқа қолайлы жағдай жасап жатқан мешіт ұжымына Алла разы болсын.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz