Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен алдағы қыс мезгіліне дайындық жұмыстары пысықталды. Осы мақсатта мешітке он тонна көмір түсіріліп, арнайы көмір сақтайтын орын ретке келтірілді.
Бұл іс-шара мешіттің қыс мезгілінде үздіксіз қызмет атқаруына және жамағаттың құлшылық жасауына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталды.
Көмірді түсіру жұмыстарына мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары да атсалысып, ортақ іске үлес қосты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі