Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінің имамы қажы апалармен кездесті
«Әл Машани» мешітінің имамы қажы апалармен кездесті

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы мешіттің алдыңғы буын шәкірттері – қажы апалармен кездесті. Дастарқан басындағы басқосу «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында ұйымдастырылды.


Кездесу барысында имам апаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Қажы апалар да ақжарма тілектерін айтып, мешіт жамағатына ақ баталарын берді. Отырыс барысында рухани әңгіме-дүкен айтылып, ықыласты қарым-қатынастың үлгісі көрсетілді.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz