Center Image
IHSAN.KZ
«АБАЙ АГРО» ШҰЖЫҚ КӘСІПОРНЫНА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
«АБАЙ АГРО» ШҰЖЫҚ КӘСІПОРНЫНА   АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі  Амангелді Асқаров жергілікті "Абай Агро" шұжық кәсіпорынына кезекті аудит жұмыстарын жүргізді. Аудит барысында кәсіпорын толықтай тексерістен өтті.

Кезекті тексеріс барысында кәсіпорындардағы өнімнің өндірілуінен бастап,  барлық процесс толықтай қадағаланды. Дайын өнімдердің сақталуы, тасымалдануы, жеткізуші техникалық құралдардың халал стандартқа сәйкестігі, сату алаңдарында бірыңғай халал өнімдердің орналасуы, қызметкерлердің стандарт талаптарын сақтауы, санитарлық-тазалық мәселелері тексерілді. Қорытынды акт бойынша, кәсіпорында бекітілген стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz