Қарағанды облысының Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде «Адал еңбек – рухани байлықтың негізі» тақырыбында жастарға арналған уағыз-насихат ұйымдастырылды.
Жиында мешіт имамы Рүстем Мұратұлы сөз алып, еңбектің адам өміріндегі орны мен адал табыстың берекесі туралы кеңінен түсіндірді. Ол жастарды еңбекқорлыққа, табандылыққа және адалдыққа тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында имам еңбек ету тек дүниелік пайда емес, рухани байлықтың да бастауы екенін жеткізді. Жастар уағыздан тағылым алып, өз өмірлеріне өнеге түйді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі