Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жастарға «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында уағыз айтылды.
Жамағат алдында мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы сөз сөйлеп, нашақорлықтың қоғамға, отбасына және жеке адамға тигізетін зиянды салдарын түсіндірді. Сонымен қатар жастарды жат әдеттен сақтануға, имандылыққа, адалдыққа және саламатты өмір салтын ұстануға үндеді.
Жиналғандар уағыздан ғибрат алып, нашақорлықпен күрес әркімнің өз отбасынан басталатынына ой түйді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі