Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен қасиетті Мәуліт айының басталуына орай «Адамзаттың абзалы – жүрегімді мәңгілік» атты қайырымдылық акциясы өз жалғасын тапты.
Іс-шара аясында мешіт жамағатының қолдауымен тағы екі отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіліп, қажетті азық-түлік үлестірілді.
Мешіт ұжымы игі бастаманың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
ҚМДБ Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі