Қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлының бастамасымен өткен шара барысында мұқтаж отбасына қажетті азық-түлік үлестірілді.
Бұл игі іс «Тайқазан» қайырымдылық жобасы аясында жүзеге асты.
Іс-шараға қатысқан жамағат игі бастаманың жалғасын табуына тілектестік білдірді.
ҚМДБ Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі