Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен аудан жастары арасында футболдан достық турнир ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау, жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту және саламатты өмір салтын насихаттау болды.
Жарысқа бірнеше команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қорытындысында бірінші орынды «Жыржыс қажы» мешітінің жастар командасы жеңіп алып, арнайы марапаттарға ие болды.
Жиын соңында имам Рүстем Мұратұлы қатысушыларға алғыс айтып, жастарды бірлік пен ынтымаққа, ізгі амалдарға шақырды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі