Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешіті: Адал еңбек — рухани байлықтың негізі
«Әл-Машани» мешіті: Адал еңбек — рухани байлықтың негізі

Қарағанды қаласындағы «Әл-Машани» мешітінде шәкірттерге арналған «Адал еңбек — рухани байлықтың негізі» тақырыбында рухани жиын ұйымдастырылды.


Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды адал еңбекке баулу, кәсіби тұрғыдан жетілуге үндеу және ізгілік пен адалдық құндылықтарын дәріптеу болды.


Жиын барысында мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы еңбекқорлықтың адам өміріндегі орны, кәсіби дамудың маңызы мен адал табыстың берекесі жайында тағылымды ойларын ортаға салды


Бұл игі іс-шара жастардың дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруына, адал еңбектің қадірін түсінуіне ықпал етті.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz