Қарағанды облысы Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде «Әйелдердің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Рахманқызы әлеуметтік желіні пайдаланудағы мұсылман әйелдің ұстанымы мен әдептілігіне тоқталды. Ол өз сөзінде:
-
Ұят пен ибаны сақтау;
-
Исламға сай киім үлгісін ұстану, сурет жариялау мәселесі;
-
Ер адамдармен қажетсіз сөйлесуден аулақ болу;
-
Уақытты тиімді пайдалану;
-
Өзі туралы артық мәлімет таратпау;
-
Қоғамға пайдалы болу;
-
Ниетті түзеу – сынды маңызды қағидаларды түсіндірді.
Сондай-ақ шәкірттер әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды тұстары жөнінде пікіралмасты.
Бұл жиын әйел жамағаттың әлеуметтік желіні дұрыс қолдануына бағыт беріп, әдеп пен ибаны сақтаудың маңызын айқындады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі