Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің асхана шатыры толықтай жаңартылды. Игі іс мешіт имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жөндеу жұмыстарына кәсіпкерлер, жамағат және мешіт ұжымы бірлесе атсалысып, ортақ сауапты іске үлес қосты. Мешіт тарапынан қолдау көрсеткен барлық азаматтарға шынайы алғыс айтылды.
Алла Тағала жамағаттың ниеттерін қабыл етіп, еңбектеріне мол сауаптан жазсын!
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі