Абай ауданына қарасты Дубовка ауылдық мешітінің имамы Ақпамбет Наурызбектің ұйымдастыруымен «Дархан дала» отандық туризмді дамыту жобасы аясында игі іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ел тарихындағы өнегелі тұлғалардың бірі – Саршаұлы Қареке бабамыздың мазарына зиярат жасалып, рухына Құран бағышталды. Жобаға мешіт жамағаты белсене қатысты.
Бұл бастама халықты ұлттық рухқа тәрбиелеуге, тарихи тұлғаларды дәріптеуге және отандық туризмді дамытуға бағытталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі