Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданында «Дархан дала» жобасы аясында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды
Абай ауданында «Дархан дала» жобасы аясында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды

Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Дархан дала» отандық туризмді дамыту жобасы жүзеге асты. Жобаның негізгі мақсаты – тарихи тұлғаларды насихаттап, бабалар рухына тағзым ету арқылы елдің рухани құндылықтарын дәріптеу және жас ұрпаққа өнеге көрсету.


Іс-шара барысында жамағат Тоқсарыұлы Еламан батыр бабамыздың рухына зиярат жасап, Құран бағыштады. Батыр бабаның ерліктері мен өнегелі өмірі жайлы деректер айтылып, жастарға ұрпақ сабақтастығын сақтаудың маңызы түсіндірілді.


Жиналған мешіт жамағаты мен аудан тұрғындары ел тарихына тағзым етудің мәні мен маңызына ерекше тоқталды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz