Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық мешітінің өкілдері тарихи орындарды аралады
Абай аудандық мешітінің өкілдері тарихи орындарды аралады

Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Дархан дала» отандық туризмді дамыту жобасы жалғасын тапты. Жоба аясында ауданның дін қызметкерлері мен жамағаты Талды тарихи-археологиялық паркін аралады.


Талды паркі – сақ дәуірінен қалған көне қорымдар мен археологиялық ескерткіштерімен әйгілі тарихи кешен. Қатысушылар бұл жерде орналасқан құнды жәдігерлермен танысып, ата-баба рухына тағзым етті.


Сапар барысында ұлттық тарихты зерделеу, тарихи мұраларды қорғау және өскелең ұрпаққа насихаттау маңыздылығы ерекше атап өтілді. Жиналғандар бабалардың мұрасын қастерлеудің ел бірлігі мен рухани жаңғырудағы орны зор екенін айтты.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz