ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігіне қарасты Бұқар Жырау ауданындағы Байқадам ауылдық мешітінде жамағатқа арналған жүйелі діни дәрістер басталды.
Атап айтқанда, мешіт жамағаты үшін ислам фиқһының классикалық еңбектерінің бірі – «Мұхтасар әл-Кудури» («Ғибадат тұтқасы») кітабынан сабақ өтіп жатыр. Бұл еңбекте намаз, ораза, зекет, қажылық секілді ғибадатқа қатысты негізгі үкімдер мен түсіндірмелер қамтылған.
Дәрістерді мешіт имамы Орынбай Ерлан жүргізіп, жамағатқа шариғат үкімдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік болады.
Ауыл тұрғындары үшін тұрақты түрде ұйымдастырылып отырған бұл дәрістер жамағаттың діни білімін арттырып қана қоймай, рухани өмірге серпін беруді көздейді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі