Center Image
IHSAN.KZ
Мәуліт мерекесі Үштөбе ауылында жалғасты
Мәуліт мерекесі Үштөбе ауылында жалғасты

Мәуліт мерекесіне орай әйел-қыздар жамағатына дастарқан жайылып, «Салауаттың сауабы» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.


Салауат – дұға. Бұл дұғада мұсылман Раббысына ең абзал адамға, яғни Алланың досы Пайғамбарға (ﷺ) мақтау айтып, оның мәртебесі мен дәрежесінің ұлғаюын сұрайды. Арнайы кеште мешіт ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызы адам баласының есепсіз сауаптарға кенеліп, Алла Тағаланың мейіріміне бөленіп, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатына кенелуіне себеп болатын амалдардың бірі – Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту екенін түсіндірді.


Қазақ халқы үшін салауат айту жат ұғым емес. Аталарымыз «барға қанағат, жоққа салауат» деп, әрқашан игі тілекте болған.


Мұсылман адамның Алла Тағалаға мақтау айтуымен бірге Алла Тағаланың ең сүйікті құлы, соңғы пайғамбары Мұхаммед Мұстафаға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат жолдауын тоқтатпауының маңызы ерекше. Бұл жөнінде Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

إِنَّ اللَّهَ وَمَلائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا


«Расында, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып, сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят).


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz