Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешітінің имамы әскерилерге ізгі іс атқаруды насихаттады
«Әл-Ғаффар» мешітінің имамы әскерилерге ізгі іс атқаруды насихаттады

Қарағанды қаласындағы «Әл-Ғаффар» мешітінде имам Оралбай Ермахан әскери қызметте жүрген бауырлармен кездесіп, жанға медеу, жүрекке тыныштық сыйлайтын уағыз-насихат жүргізді.


Кездесуде қазіргі қоғамда жиі кездесетін өзекті мәселелер – суицид, жүрек аурулары және құмар ойындарға тәуелділік кеңінен талқыланды.

Суицид – ауыр күнә екені айтылып, Құран аяттары мен хадистер арқылы түсіндірілді. Адам өмірінің қадірі, әрбір пенденің басына берілетін сынақтарды жеңіп шығуда сабыр мен үміттің маңызы еске салынды.


Жүрек ауруы – тек тәннің емес, рухтың да дерті екені баяндалды. Стреске, уайымға толы өмір салты жүрекке тікелей әсер ететіні түсіндіріліп, жүректегі тыныштықтың иманмен байланысы жайында ой қозғалды.


Құмар ойын – харам екені ерекше атап өтілді. Оның отбасы мен қоғамға тигізетін зардаптары нақты мысалдармен баяндалып, бұл дерттен арылу үшін шынайы ниет пен Аллаға тәуекел ету қажеттігі айтылды.


Бұл жүздесу әскери қызметкерлер үшін рухани қуат беріп, өмірге жаңаша көзқараспен қарауға себеп болды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz