Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында
Қарағанды қалалық “Төлеутай Ата” мешітінің имамы Айтказин Рауан Төлеубекұлымен кездесу өтті.
Шара барысында имам «Адал еңбек – рухани байлықтың негізі» тақырыбында насихат айтып, қатысушыларға адал еңбектің адам өміріндегі орны мен маңызы жайлы түсіндірді.
Сонымен қатар, қатысушыларға еңбекқорлық пен жауапкершіліктің отбасылық және қоғамдық құндылықтарды нығайтудағы рөлі айтып өтті. Жиын соңында қызметкерлер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, имамнан нақты жауаптар алды.
Шараның басты мақсаты – ұжым мүшелерін адал еңбекке, ізгілікке, қоғам алдындағы жауапкершілікке шақыру болды. Қатысушылар кездесуден рухани әсер алып, мұндай игі бастамалардың маңыздылығын атап өтті.