Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұстазы Рахымбаева Әйгерімнің ұйымдастыруымен «Сағындырған Алланың елшісі Мұхаммед» атты рухани мәуліт кеші ұйымдастырылды.
Игі шараға әйелдер қауымы, қыз-келіншектер мен ақ жаулықты аналар-әжелер қатысып, мерекелік рухани кештің мән-мазмұнына куә болды.
Жиын берекелі дастархан басында Құран оқумен басталып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өмірі мен өнегелі ғұмыры жайында тағылымды уағыз-насихаттар айтылды. Сондай-ақ Мәуліт оқылып, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.
Кеш барысында қатысушылар арасында викториналық сұрақ-жауап сайысы өткізіліп, белсенділік танытқандарға сыйлықтар үлестірілді.
Шара соңында жиналған жамағат бір-біріне ізгі тілектерін айтып, Мәуліт мерекесінің берекесі мен маңыздылығын сезінді.