ҚМДБ Қарағанды облысы, Қарқаралы қалалық «Мәди Бәпиұлы» мешітіне жаңа ұстаз тағайындалды
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жұмабек Айбар Жанатбекұлы Қарқаралы қалалық «Мәди Бәпиұлы» мешітінің жаңа ұстазы болып қабылданды.
Жаңа ұстазды жамағатқа Қарқаралы ауданының имамы Митератбек Орынбекұлы таныстырып, қызмет жолында табыс тілеп, игі батасын берді.
Мешіт жамағаты да жаңа ұстазға өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, діни қызметіне сәттілік тіледі.