Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Топар кентіндегі «Жұмабек Тәшен» мешітінде сенбілік ұйымдастырылды.
Игі істі мешіт имамы Мурсали Қаленұлының бастамасымен жамағат бірлесе жүзеге асырып, белсенді түрде атсалысты. Сенбілік барысында мешіт ауласы күл-қоқыстан тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Бұл іс-шара жамағаттың бірлігін арттырып қана қоймай, Алланың үйін көркейтуге деген ықылас пен жауапкершілікті нығайта түсті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі