Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар Жырау ауданында «Құран оқып үйренейік» дәрістері басталды
Бұқар Жырау ауданында «Құран оқып үйренейік» дәрістері басталды

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігіне қарасты Бұқар Жырау ауданы Байқадам ауылдық мешітінде жас жеткіншектерге арналған «Құран оқып үйренейік» атты дәрістер басталды.


Дәрістерді мешіт имамы Орынбай Ерлан жүргізіп жатыр. Балалардың Құран әліппесін үйреніп, тәджуид қағидаларын меңгеруіне ерекше мән беріледі.

Сабақтар аптаның сенбі және жексенбі күндері тұрақты түрде өткізіліп, жас буынның Құранға деген ықыласын арттыруға, рухани тәрбие мен имани құндылықтарды бойларына сіңіруге бағытталған.


Бұл игі бастама жас өрендердің уақытын пайдалы өткізіп, діни сауаттылықтарын арттыруға септігін тигізуде.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz